Сеңгір Тауға Шықтыңыз
Шашып өтер нұр-ақыл,
Шарапат та, Бас та – Сіз.
Төрде абыздық құратын,
Төрт жиырма жастасыз.
Есет батыр Бабаңның
Ерлігі қонған тектіден –
Өзіңізді қаламың
Геркулес деп білем!
Өңім де, түсімде,
Өрлікке бұл қайраным:
Жүрсіз әлі ішінде –
Әдебиет – майданның!
Сөзімде жоқ өтірік,
Өзіңізсіз мықтымыз.
Тайбурылша секіріп,
Сеңгір тауға шықтыңыз.
Біз де жұтар ма екенбіз
Сол шыңдағы ауадан?!
Құтты болсын бүгінгі
Той-мереке, Тау-аға!
Отау тігіп Айбегің,
Қосты елге бір Жанұя.
Ақыл-көркі сай дедім,
Әндей келін – Әлия!
Атасы шыққан сексеннің,
Тағын берсін екеуіңе!
Әжесі жеткен бақыттың
Бағын берсін екеуіңе!
Отаулары айналғай
Махаббаттың мекеніне!
Есенбай ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ,
Ақтөбе газеті, 19 мамыр 2011 ж, 3 б.,
www.aktobegazeti.kz