Тауман Төреханов Туралы Мақалалар
Бұл Сайттың тұлғасы сексенді тақымдаған қарт, кешегі қызыл империя заманында өз өмірінің алпыс жылын баспасөзде (прессада) қалдырған. Сол жылдардың отыз жылдан астам мерзімін облыстық селолық, ауданаралық, аудандық газеттердің бас редакторы лауазымында өткізген. Осы кезде КСРО-ның (СССР-дың) іс сапармен талай жерлерінде болып, небір ірі тұлғалармен кездескен. Ұлы қаламгер М. Шолоховпен, Л. Леоновпен сөйлескен. Академиктер Мұхтар Әуезовтың, Нығмет Сауранбаевтың, Ісмет Кеңесбаевтың, профессорлар Төлеген Тәжібаевтың, Маулен Балақаевтың, Бейсенбай Кенжебаевтың, арабтанушы Әжікеевтың, Орынбасар Төлегеновтың, доцент Жұбаныш Аралбаевтың, басқа да ғұламалардың дәрістерін, ақыл-кеңестерін тыңдап, бойына сіңіріп өскен.
Екі-үш адамнан тұратын «құпия» делегация құрамында академик А.Д. Сахаровпен Мұгалжар тауының қойнауындағы әскери жабық қалашық «Эмба-5»-те дидарласқан. Дауыл өзені бойындағы сутегі ракеталарын сынақтан өткізетін далалық лабораторияның жергілікті халықтарға, флора мен фаунаға орны толмас қайғы-қасірет, трагедия әкелгенін осы өңірдің тұрғыны бір қарт адамға айтқызған кезде, әсіресе екі басты, алты аяқты, жарғақ терлі төл, қол-аяғы жоқ, бір көзді сәби, үрліктері сынып, шабақтары қираған үйлерді, қора-қопсыларды, ауа райының ластануын, осы сынақ өңірлерден дайындалған шөпті жеп тұрып қырылып жатқан мал, төсек болып жатқан құс, дала аңдарын, жабайы жан-жануарды айтқан кезде, академиктің бетінен қаны қашып, орынан тұрып «болды!» дегендей кейіп көрсеткен... Қоштасар сәтте академикке еріп жүрген жансыздар: «тісіңнен шығарсаң ...» деп, қолымен аузын жапқан.
Иә, бұл оқиға жабық күйінде қалды. Тек қазақ елі тәуелсіздік алғансын (1991 ж.) қаламгер көлемді шығарма жазуға отырды. «Ғасыр қасіреті» атты (дилогия) екі кітаптан тұратын бір мұқабадағы тарихи-деректі роман былай басталады: «Бұл ХХ ғасыр жеке адамдарға ғана емес, бүкіл халықтарға, тіпті жерге де, суға да, ауа райына да, жан-жануарларға да, барлық өлі-тірі дүниеге де, жалпы бүкіл Әлемге қайғы-қасірет әкелді».
Қаламгердің қаламынан келесі тарихи деректі «Кісенделген Дала» («Степь в кандалах») романы жарық көрді. «В мире зреет мщение, чтобы обрушиться на того, кто когда-то поступил дурно, либо ты охотник, либо ты дичь. Закон общества преступного». Иә, роман қылмысты қоғамдағы ірі заңсыздықтарды сөз етеді.
Романда ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қызыл империя жергілікті халықтарды, оның ішінде қазақ халқын жер бетінен жоюға бағытталған саяси әдейі қолдан жасалған аты-шулы аштығы, одан кейін тірі қалған халыққа есін жиғызбай қанды - қансыз жүргізген репрессиясы кеңінен баяндалады. «Тарихтың қанды іздері» («Кровавые следы истории») өткір сюжетті тарихи-деректі романы оқырмандарға жол тартты. Романда жантүршігерлік оқиғалар, эпизодтар жетіп артылады. Осы аштықта қаламгердің есін жимаған жасында асырап алған әкесі, анасы, атасы, әжесі, апасы, басқа да жақын –жуығы көз жұмған. Автор өткен ғасырдың елуінші жылдары ашаршылықтан босқан қазақтардың ізімен сонау Алшынның Темір тауына дейін жүріп өтіп, деректер жинаған. Заманында осы деректер негізінде мақала жазып, «Социалистік Қазақстан», бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Сапар Байжановқа әкелген. «Тәке, бір ноқатын, сөзін өзгертпестен қазір номерге жіберер едім. Бірақ өзіңізде редакторсыз ғой, лито жібермейді. Кеңес дәуірінде аштық-ашаршылық болып, халық қырылды» деген сөзді айтудың өзін – қылмыс деп санайды. «Бірақ өте өткір фактіге құрылған материал екен, сақтаңыз, бір уақытта керек болар» деген екен көреген ұлы тұлға!
Ал мына кеше ғана «Атамұра» баспасынан шыққан «Дала Геркулесі» атты тарихи-деректі роман үлкен резонанс туғызды. Романға ел алды болып, Қазақстан қаламгерлері ішінде бірінші М. Шолохов атындағы және Г. Державин атындағы халықаралық сыйлық алған академик, профессор, ұлы жазушы, ҚР қайраткері Сәбит Аймұханұлы Досанов рецензия жазды.
Төменде сол рецензияны және басқа да тұлғалардың пікірлерін жариялап отырмыз.
- Тұлпар тұяқты, қыран қияқты шығарма
- Произведение – «быстрый как скакун, зоркий как орел»
- Ата-баба тарихы – бүгінгі ұрпаққа жарық жұлдыз
- История предков - путеводная звезда сегодняшнего поколения
- Ер қанаты болған жыланкөз тұлпар еді
- Легендарный скакун по кличке «змеиный глаз»
- Күйзеліс үстіндегі қоңыр әңгіме
- Задушевный разговор в мучительно-депрессивное время
- Қайран Әкімжан!
- Глубокое сожаление о невосполнимой утрате акимжана
- Қаламгер Қадамдары
- Аса қадірлі Тауман Алыбайұлы!
- Ұлы сәулетші еді
- Қазақтың тұңғыш сәулетшісі
- Ғасырлар Тоғысындағы Ұлы Тұлғаға Ағасының Батасы Мен Бағасы
- Құрметті Тауман Төреханов!
- Журналистік арымды сатқаным да cатылғаным да жоқ
- Бес түйін
- Тілеуқабақ әні қалай шыққан
- Тауман Алыбайұлы Төрехановтың 80 жылдық мерейтойы
- Жазушыға жаза алмай қалудан асқан қасірет жоқ
- Тегiне Тартып Туған Тауман
- Талғам мен талаптан киген сауытты
- Сексеніңіз Құтты Болсын, Жүз Жасаңыз, Аға!
- Қарымды Қаламгер Тауман Төреханов 80 жаста
- Преклоняясь Перед Духами Предков, Опираясь На Свое Перо…
- Юбилей Писателя и Журналиста
- Қаламгер Елмен Қауышты
- Қалам Иесінің Бақыты
- Тұлпар Тұяқты, Қыран Қияқты Талант
- Сеңгір Тауға Шықтыңыз
- Тауман Аға – Тау Тұлға
- Аса қадірлі Елеусін Наурызбайұлы!
- Туған Аймақ Ажары Әрленген Екен
- Бас басылыммен 69 жыл біргемін
- Ойшылдығымен де бағалы
- Мың Айдың Жүзін Көрген…
- Халық Батыры Есет Көтібарұлы
- Краткая автобиография Таумана Алыбаевича Туреханова
- Тауман Төрехановтың 90 жылдық мерейтойы!
- ҚОШҚЫЛЫМДЫ АҢСАУ…
- АРДА АНАМЕН ҚОШТАСУ…
- Арда Ана Жайлы Толғау, Балзада Шәмшіқызы Әруағына Тәу Ету!
- Ұлы елге саяхат осылай басталды
- Тіршіліктегі Қорғаным Қолдаушым еді-ау!
- Есет - дана да дара тұлға!
- Ұлы да Дана сөздер-ау!
- Қымбаттыларым!
- Ұлы тұлғалар жайлы бірер сөз!
- Ұлы да даңқты Есет Көтібарұлы батырдың жанжары кім?
- Арда аты мәңгілік есімізде!
- Құрметті оқырмандарымның өтініш-сұраулары бойынша
- Ұлы Батыр жайлы бір-екі дерек!