ҚОШҚЫЛЫМДЫ АҢСАУ…
Тіршілікте қасымда ұл-келіндерімнің болғаны, қыз-күйеу балдарымның болғаны, немере-
шөберелерімнің, тума-туыстарымның, жекжат-жұрағаттарымның болғаны – қуаныш! Ал,
«шалым» - жұбайымның болғаны – бақыт!
Балзада-Қошқыл Шәмшіқызы,
Төрехановтар әулетінің анасы, Алматы қ., 15 наурыз, 2021 ж.
Жан жарымның бұл тарихи сөзі отағасының 90 жасқа толған күні құрметіне, айтқан
құттықтауынан.
Арда Қошқылым-ау, отағасын тоқсан жастың биігінен шығарған, жеткізген Бір Аллаға, Ата-
Бабалар, әз Аналар, Әжелер әруақтарына сүйеніп, қажырлы да қайратты еңбегіңмен, арда ақыл-
кеңесіңмен Өзің ғой!
Алматы қ., 15 наурыз, 2021 ж.
Еске салайыншы, Төрехановтар әулетінің шаңырағын 1949 жылдың 30 қазан, жұма күні
түстен кейін өзіңмен көтердік қой.
Одан бері 74 жыл бойы мені баққан, күткен, халық алдында ақ ниетіңмен, абыройымды
өсірген өзімнің Қошқылым-ау, Шәмшіқызы-ау: «Елде, туған жерде Өзіңе арқамды, Ұлы Құмға
сүйенгендей болып жүретін едім-ау! Алматыда Өзіңе арқамды, Алатауға сүйенгендей
қанаттанып жүретін, шабыттанатын, басыма, жүрегіме терең теңіздей ой салатын, пікірлер
айтатын, кейбір оқиғаларды маған жімиіп қарап отырып, баяндайтын едің-ау»,- дүние-ай,
десеңші!
Ақылды да ойшыл Қошқылым-ай, менің зерделеп-зерттеп жасаған еңбектеріме, жиырмадан
астам тарихи-хронологиялық романдар, әдеби кітаптар, естеліктер жазуыма, жүздеген
көкейтесті мақалалардың қаламына, оларды логикалық түрінде төсеуіне: «Жаз, жаз сенің
қаламың шебер де, көркем сөздерге де толы»,- деген пікірлерің-ұсыныстарың медеу болды-ау,
жазуға – қаламымның қолымнан түспеуіне, шабытымды шыңдауға және шыңдандыруына күш-
қайрат берді-ау!
Енді өзіңдей кеңесші қайда маған? Ойсыз, күйсіз қалдым-ау… Қәзір жетім шалмын ғой,
қасымда жоқсың сен енді...
Өзіңе 74 жыл қосақ болған, Өзіңмен КСРО-ның Москваның, Кавказдың, Европаның талай
өңірлерінде қол ұстасып қызықты да көңілді жарық дүниені бірге жүріп өткізген Қошқылым-ау.
Енді фотосуретіңе қарап, терең ойда қалып, еріксіз екі көзім жасқа толады-ау,
аңсаймын-ау…
Жатқан жерің – Алатау жайлы болғай, топырағың торқа, иманың мәңгілік жолдасың
болғай.
Тауман Алыбай-Есімбайұлы Төреханов,
Алматы қ., мамыр, 2023 ж.