Аса қадірлі Елеусін Наурызбайұлы!

Ақтөбе облысының әкімі
Е.Н. САҒЫНДЫҚОВҚА


Бізді облыс халқымен кездесуге шақырып, еңбек ардагерлерімен, студент жастармен кездестіргеніңіз және Өзіңіздің қымбат уақытыңызды бөліп қабылдап, елімізді онан әрі өркендетуге орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев алға қойған күрмеуі қатты күрделі жұмыстардың қалай жүзеге асып жатқаны жайлы әсерлі әңгімелеп бергеніңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
Біз Сізді біраз жылдардан бері білеміз. Сіз жайлы халықтың жылы пікірлерімен де, облыста жүзеге асып жатқан аса ауқымды, істер мен жасампаз еңбектерді де әртүрлі ақпарат көздері, ел арасындағы әңгімелер арқылы естіп жүрміз.
Сізді Елбасының саясатын нақты істер арқылы тұрақты түрде қолдап жүрген сенімді серіктерінің бірі, тұғыры биік тұлға деп танимыз. Бұған Сіздің үндемей жүріп ел үшін тындырған үлкен істеріңіз дәлел. Біз бұрын сан мәрте естіген, осы сапар өз көзімізбен көрген Сіздің әдебиет пен өнерге, ғылымға деген оң көзқарасыңыз, ұлттық рухты көтеру бағытындағы ерен еңбектеріңіз, жүрек жылытқан қабылдауыңыз үшін Сізге мың да бір рахмет!
Аса қадірлі Елеусін Наурызбайұлы! Сіздің алда да ел игілігі үшін жемісті еңбек етіп, Елбасының сенімі мен халықтың құрметіне бөлене беруіңізге шын жүректен тілектеспіз.

Тауман ТӨРЕХАНОВ,
Қазақстан мәдениетіне
еңбегі сіңген қайраткер,
Шалқар ауданының және
Шалқар қаласының
құрметті азаматы.

Сәбит ДОСАНОВ,
М. Шолохов атындағы
халықаралық сыйлықтың
лауреаты,
Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері.
Ақтөбе, 26 мамыр 2011 ж., 2 б.,
www.aktobegazeti.kz.