Тауман Алыбайұлы Төрехановтың
80 жылдық мерейтойы

tauman torekhanov

Тауман Алыбайұлы Төреханов 2011 жылдың 15 наурызында 80 жасқа толады. Осындай қаламгер ғұмырында бір-ақ келетін күнге орай биобиблиографиялық көрсеткіш жақында жарық көрді.
Осы биобиблиографиялық көрсеткіш елімізге белгілі танымал Қазақстан Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, журналист-жазушы, Шалқар ауданының және Шалқар қаласының Құрметті Азаматы Төреханов Тауман Алыбайұлына арналған. Өзінің барлық саналы ғұмырын кешегі тарихқа кеткен мемлекеттің, бүгінгі Тәуелсіз Қазақ Елінің баспасөзіне қалдырып келе жатқан тұлға.
Биобиблиографиялық көрсеткіште өзінің қаламынан шыққан аудандық, қалалық, облыстық, Республикалық Одақтың басылымдарында жарық көрген еңбектерінің шет елдерде және жастар алдында сөйлеген сөздерінің, кесек тұлғаларымен кездесулерде алған сұхбат-интервьюлерінің сипаттайтын мәліметтер, оның өз еңбектері және ол туралы жазылған әдебиеттер енгізілген.

Тауман Төреханов, жазушы-журналист,
Алматы қаласы, 6 Наурыз 2011 ж.