Ата-баба тарихы – бүгінгі ұрпаққа жарық жұлдыз

Жұмамұрат Мәдрейұлы Жанұзақов –
Шалқар ауданы Әкімдігі апаратының жетекшісі,
туған халқының Арда Азаматы


Қалта телефоны арқылы:
– Құрметті аға, «Дала Геркулесі» кітабыңыз бүгін қолыма түсті. Сізге мың да бір рахмет айтамын туған еліңіз атынан. Турасын айтсам, бұрын-соңды мұндай тарихи-деректі ата-бабалар жайлы дүниені көрмедім десем, артық айтқандық бола қоймас. Бұл кітап – ата-бабаларымыздың, аналарымыздың ұлылығы, атамекен үшін, халық үшін, олардың бостандығы, тәуелсіздігі үшін жан берісіп, жан алысқан ерлікке толы жанқиярлық күрестері – бүгінгі, ертеңгі ұрпақ үшін өшпес өнеге. Патриоттық сезімге толы мектеп, мақтаныш! Айтатын болсақ, ата-бабаларының кім болып өткеніне ұрпақтардың көздерін жеткізетін нағыз компас!
Бұл кітап жас ұрпақтарды тәрбиелеуге, мектеп ұстаздарына, интеллигенцияға, халыққа үлгі етуге ауыл округтарының аппараттарына таптыртпайтын оқулық десем де болады. Кітапта небір әдемі, сұлу, өткір мазмұнды, таңдайды қағып отыратын сөздер, оқиғалар жетіп артылады. Тек оқу керек.

5 қаңтар, 2009 ж.