ХАЛЫҚ БАТЫРЫ ЕСЕТ КӨТІБАРҰЛЫ

(мамыр 1803 ж. - 1889 ж. желтоқсан)

Тарихи тақырыпқа сұхбат

Ер Есет – елінің көсемі де қорғаны,
Толастамас әулиенің әруағы.

Матай ҚОҚАНҰЛЫ, дара дінтанушы.

Халық батыры Есет Көтібарұлы атындағы қоғамдық қордың төрағасы Аманғали МҰХАНБЕТУЛИН батырдың тоқсан жастағы көзі тірі – бүгінгі ұрпағы, журналист-жазушы, тарихи тұлғаларды зерттеп, зерделеуші, өлкетанушы Тауман ТӨРЕХАНОВТАН батырдың шығу тегі жайлы, ұлт-азаттық көтерлісі қолбасшысына Ақтөбе қаласынан Ескерткіш қойылып жатқанына орай, сұхбат беруді сұрағанді еді. Төменде сол сұхбатты жариялап отырмыз.


- Ұлы батырдың шығу тегі кімдер?

- Сұрағыңыз орынды. Сондықтан батырдың, алдымен, шығу ата тегін айтайын. Алты ата Әлімнің Қыр Шектісі Айтынан Қабақ, Қарабас тайпасынан Мәмбеталы, Тінәлі, Жанәлі, Жапақ, Досалы, Үмбетәлі, Өтеәлі.

Тінәліден атышулы ұлт-азаттық көтерілісінің батыры Арыстан (1777-1855 жж.) Самара-Орынбор губерниясының жандармериясы Арыстан батырды жолдарынан алуға дайындаған киллері Бөріқұлақ қолынан кездей соқ жағдай да қаза болады. Есет Көтібарұлы бастаған халық Ұлы Құмның Шалқар көліне қараған бетіндегі қыстағы Сарыжағада жер қойнына береді. Батырдың қалай қаза болғаны жайлы «Қанмен жазылған тағдырлар» (Алматы: «Атамұра», 1999 ж., 416 б.), «Дала Геркулесі» (Алматы: «Атамұра», 2008 ж., 584 б.) тарихи-деректі кітаптарымда барынша баяндалады.

Арыстан батыр әйелі Балсары Шалқар көлінің басы Сулы көлінде 1861 жылы жерленеді.

Жапақтан үш ұл: Бәсен, Кежір, Төлек. Тарихта қалғаны Бәсен. Бәсен (1727-1830 жж.) 103 жыл жасаған аты шулы жылқышы. Бәсеннің бәйбішесі Нарбике (1733-1823 жж.) даңқты Кете аталығының Ақ Кете аталатын жылқылы байы, Төбе Биі Боздақтың кенже қызы. Бәсен мен Нарбике некесінен: Жандәулет, Ақпан, Тоқпан, Көтібар, Көбес дүниеге келеді. Шежіреде, тарихта «бес Бәсен» болып қалған. «Дала Геркулесі» еңбегімде кеңінен жазылған.

Енді Көтібар Бәсенұлы (1757-1833 жж.) жайлы тоқталайық. Көтібар тарихта халық батыры, хан дәрежесіндегі Биі болып қалды.

1833 жылдың терең күзінде, қыс басында қарулы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыру жоспарын жасауға Жеті ру Жағалбайлы Жанқасқа еліне, Ақбұлақ ауылына Батыстың атқа мінерлерінен екі күн бұрын үзенгілестерін ертіп, Көтібар батыр келеді. Мұны, ізіне түсіп жүрген Орынбор жандармериясы біліп, киллерлікке ұзақ уақыт дайындаған екі башқұртты, қасына бірнеше бас кесерлерді қосып, жібереді. Мақсат Көтібардың басын патшаға «сыйға» тарту. Бас кесерлер ол үшін барын істейді. Батырдың күзетшілерін түгелдей өлтіріп, батыр жатқан бөлмеге еркін кіріп, ұйқыда жатқан Көтібардың басын айбалтамен шауып алып, қапқа салып жатқан кезде, Жанқасқа күзетшілері үстінен шығып, екі башқұртты ұстап алып, Жанқасқаға әкеледі. Ол үюлі жатқан қыс отынға от жіберіп, екі башқұртты тірілей отқа салып жібереді.

Осы кезде Сарыарқадан келген Сегіз сері табанда «Айбалтамен шабуға қалай көзі қиды екен» жоқтауын зарлап отырып айтады. Бұл тарихи деректер өнертанушы, ғалым Төлеш Сүлейменовтың 1991 жылы Алматыдағы «Өнер» баспасында басылған Сегіз сері»< кітабынан алынды. Оны «Қанмен жазылған тағдырлар» атты («Атамұра», 1999 ж.) жарыққа шыққан кітабымның 160-170 беттерінде жазғанмын.

Көтібар Бәсенұлы батырдың бәйбішесі Айсары. Ұлы ана Адай руының пір Бекет аталығының Мұғалының қызы. «Мұғалжар» тауы осы ұлы тұлғаның есімімен аталады. Оны Россияның тұңғыш әскери-соғыс стратегиялық және тактикалық картасын жасаған, сол карталарға «Мұғалжар» деп кіргізген және Россияның географиялық картасын сызған, шығу тегі неміс, орыс генералы Иван Федорович Бларамберг.

Көтібар мен Айсары некесінен алты ұл: Сарыбөпе, Сатай, Шынтемір, Матай, Есет, Дәрібай дүниеге келеді. Батыр ері Көтібар қаза болғаннан кейін Айсары – өзінің сөзі: «Отыз жылдан астам жесірлікпен жүріп, дүниеден өткелі жатырмын» деп келіндері Тағлима мен Таразыға айтып, бұл дүниеден өтеді. Айсары мәйіті Ұлы құмның Күнгейінде, 92 жас жасаған ұлы Ана!

- Аға, керемет деректер, жан түршігерлік оқиғалар айттыңыз. Енді Есет батыр жайлы сөз қозғаңызшы.

Озалдан барша қазақ бір туысқан,
Жігітке неге керек сөз қуысқан.
Көтібар мен Арыстан өткеннен соң,
Төбеге Есет шығып айғай салса,
Жиналған Ту астына бар туысқан.
КӨБЕС, ақын, суырып салма жырау.

- Жарайды. Ұлт-азаттық көтерілісінің колбасшысы, халық Биі – көсемсөзші, ел тәу ететін әулиесі, Есет жайлы бірнеше тарихи кітаптарымда архивтік құжаттарға, аға ұрпақ өкілдерінің ұстамды әңгімелеріне негізделген жайттар көп. Тіпті батырларға, ұлы Аналарға, олардың тарихта қалған еңбектеріне, ұрпақтарына арналған бірнеше кітаптардың жиынтығы ретінде жарыққа шыққан «Дала Геркулесі» атты тарихи-деректі кітап, 600 беттік, үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылған еді. Ол кітап АҚШ-тың Нью-Йорктегі мәдени-әдеби көрмесінде позитивті баға алды.

- Есет батыр қай жылдары, қай өңірде туған еді?

- Айтайын. 1858 жылы Санкт-Петербургте шығып тұрған В.Ф. Тиммның басқаруындағы «Русский художественный листок» журналының №31 санында, 1 ноябрьде: «Есет Көтібаров 1803 жылы май айында Ұлы құмның Шалқар көліне қараған батыс жағасындағы 7-10 шақырым жердегі Ақшиде туған» делінеді. Әрине, талас жоқ! Дара дінтанушы Матай Қоқанұлы да осылай дәлелдейтін. Бірақ кешегі Кеңес дәуріндегі тарихшылар туған жерін де, жылын да, дүние салған мезгілін де қате жазып келді.

- Есет батырдың бәйбішесі Тағлима Адайдың Мұғал аталығының белгілі биі, көсемсөз серкесі, сүбелі байы Құлмұқанбеттің қызы! Заманында «Көтібар мен баласы Есетті бажа» дейтін әңгімелер де, әзілдер де аз болмаған. Тағлима батырдың сүйікті жары болуымен қатар, Шекті елінің құрметті келіні болып тарихта қалған. Ол енесі Айсарымен бірге батырды қолдаушы да қорғаушы да болған Ана. Тағлима Бәсен ата әулетіне Назар, Аман, Боқай, Сүлеймен, Қарамен, Шалпық, Дәу атты ірі тұлғаларды сыйлаған Ана! Ұлт-азаттық көтерілісіне белсене әкесі Есетпен бірге қатысқан Назар Орынбор түрмесіне Бекет Серкебайұлымен қатар қамалған. Шоқан Уәлиханов пен Михаил Венюков 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде шығып турған журналдың Азиялық сериясында 365-406 беттерінде Есет пен Назар жайлы жаза келіп, суреттерін қатар берген.

Тағлима ана енесі Айсарымен бірге Ұлы құмның Күнгейінде дамылдап жатыр. Осы зиратта Есет батырдың сүйікті келіні Тілеу бабаның Құлтумасының қызы дара ақын Таразы да мәңгілік ұйқыда.

- Аға, енді Есет батыр жайлы заманында қандай бағалар, пікірлер айтылды, берілді? Осыған тоқталыңызшы.

- Сұрақ өте орынды. Тоқтайын.

«... Есет Көтібаров бастаған ұлт-азаттық көтерілісі патшаның қазақ жерін, елін отарлау саясатына қарсы бағытталған көтеріліс».

Д. Дулатова, Қазақ ССР, Қысқаша энциклопедия, І том, Алма-Ата, 1984 ж., 131-135 б.

Европа, Колумбия, Азия, Шығыс елдерін қатты толғандырған Есет Көтібарұлы бастаған бұл ұлт-азаттық қанды көтеріліс заманында немістің «Аугсбургер Цайтунг» газетінде 1858 ж., Лондонда шығып турған А.И. Герценнің «Колокол» журналында 1858 ж., Н.Г. Чернышевскийдің «Современник» журналында 1857 ж., Россияның «Отечественные записки» 1860 ж., «Вестник Европы», «Русский вестник» 1859 ж., «Русский архив», «Русский инвалид», «Русский художественный листок» 1858 ж., «Всемирная иллюстрация» 1860 ж. т.б. бірнеше басылымдарда кеңінен жазылды. Сондай-ақ, сол заманда ғұмыр кешкен Европаның, Азияның, Қазақ елінің ойлы саясаткерлері, дипломаттары, ағартушылары Есет Көтібаровтың бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, жиырма жылға созылған іс-қимылдары жайлы барынша жазды. Иә, Ресей жандармериясы, әскерлері қозғалыстарға қатысушыларды жаныштады, асты, атты, жер аударды, қыздары мен әйелдерін зорлады, халықты аш-жалаңаш қалдырды, тонады, күнкөріс көзі малдарын айдап кетті ...

Бір-екі қанды оқиғаны келтірейін. А.И. Герцен мен Н.П. Огарёвтың «Колокол» журналының 1858 жылғы №28 санында: «Ежелгі соғыстар немесе монғол шапқыншылығы замандарынан бері полковник Кузьминский мен майор Дерышевтың шапқыншылығынан асып тұскен айуандық болған емес» деп жазған еді.

Ал немістің «Аугсбургер Цайтунг» газеті 1858 жылы: «Такого ужасающего злодейства не было со времен древних войн или со времен монгольского нашествия».

Кузьминскийдің отряды 164 ауылды өртеген, мыңдаған адамды атып тастаған, қыз-келіншектерін аттарына өңгеріп алып кетіп, зәбірлеген, зорлаған. «Дала Геркулесі» (2008 ж.) тарихи-деректі кітабынан алынды.

Есет Көтібарұлының ұлт-азаттық көтерілісін одан әрі талдамай-ақ қояйын. Басында айтылған кітаптарда екжей-текжейлі жазылған. Сондықтан Әлемде, Европада, Россияда, Азияда қандай бағалар, көзқарастар болды, соның бір қатарын ғана еске салайын.

- Дұрыс-ақ, аға рахмет!

- «Исету не было 20 лет от роду, когда он уже приобрел себе славу в степи и общее уважение между своими, хотя по рождению принадлежал к черной кости».

Егор Петрович КОВАЛЕВСКИЙ, российский путешественник,
писатель, дипломат, востоковед, почетный член Петербургской академии наук.

«Есет біздің елімізге өзінің жиырма шақты қырғыздардан тұратын нөкерлерімен келді. Мен бұл адамға қызыға қарап тұрдым. Өздеріңіз көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші: бойы ұзын, аса ірі кісі, жалпақ бет, ат жақты, үлкен бадырақ көзді; жүзіне қарап, аса қуатты адам екенін білесіз. Киімі таза, әрі өзіне қонымды, киімдерінде басқалар сияқты анау-мынау айшықтар жоқ. Үстіне жасыл белдеу буылған, ақ жібек шапан киіпті және басындағы зермен тоқылған елтірі тақия, үстінде ақ киізден тігілген ақ қалпақ... ».

С. ТУРБИН, өзінің «Әскери жинақ» кітабында, 1864 жылғы №4 санында.

«Je me trouvais un jour chez un Kirghize nommé Iset Koutiebarew. C'était à cette époque un personnage intéressant et très populaire dans les steppes. Le plus riche de sa tribu, longtemps il ne voulut pas reconnaître le protectorat russe, et plusieurs détachements le cherchèrent en vain pendant plusieurs années dans les steppes».

Bronislaw ZALESKI, La vie des Steppes Kirghizes, J.B. Vasseur, Paris, 1865.

«Мен Есет Көтібаров деген кісімен бір күн бірге болғаным бар. Дала төсіне есімі кеңінен мәлім, осы бір дәуірдегі әйгілі кісі».

Бронислав ЗАЛЕССКИЙ, поляк демократ-революционері, суретші, жазушы.
«Қазақ сахарасына саяхат: Фр. тіл. ауд. Ф.Стеклова, Б. Садыкова (КазГУ ғалымдары);
қаз. тіл. ауд. К.С. Сегізбаев.- Алма-Ата: Өнер, 1991.- 131 б., қаз., орыс. тіл».

«Я провел один день у киргиза по имени Исет Котибаров. Для этой эпохи эта была интереснейшая личность, очень популярная в степях».

Бронислав ЗАЛЕССКИЙ, польский демократ-революционер, художник, писатель. Там же.

Еске сала кетейікші, Б. Залесскидің бұл кітап-альбомы 1856 жылы Парижде шыққан, Қазақ ССР-інің мәдени министірлігі арада 125 жыл өткенде алтынға сатып алған.

«Есет заманының атақты Биі, батыр Көтібар Бәсеновтың алты ұлының бірі».

И.В. АНИЧКОВ, ғалым, Қазан университетінің профессоры,
археолог, өлкетанушы, шығыстанушы.

«Исет был сложен как Геркулес, его атлетические формы, его дикая красота и приемы, полные отваги, могли поразить европейца и имели сильное влияние в кругу его соотечественников».
«Есеттің дене бітімі Геркулеске келеді, оның шойыннан құйылғандай кесек пішіні, табиғатына сай сұлулығы жанкешті батырлыққа толы әдіс-айласы Европа адамын қайран қалдырса, өз отандастарын тәнті етіп, табындырып қоятындай еді. Ол жөнінде ел аузында талай-талай қызықты хиқаялар бар ... ».

Егор Петрович КОВАЛЕВСКИЙ, орыс саяхатшысы, жазушы,
мәмілегер, шығыстанушы, Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі.

«Имя Исета в Малой Орде было также грозно, как и соотечественника его Кене-Сары, убитого в сороковых годах на пределах Сибири … или как имя Кавказского Шамиля. Он приобрел себе почет и славу как национальный герой».

В.Ф. ТИММ, Русский художественный листок, С-Пб., № 31 от 01.11.1858 г.;
Л. МЕЙЕР, полк. Ген. штаба России, Киргизская Степь Оренбургского ведомства. - СПб., 1865г.

«Да, Исет – герой народа! Исет – Батыр! Исет – би своего народа. Исет рыцарь эпохи, как отец Кутебар – хищник! Исет – приведение, призрак. Исет – в конечном счете, легенда народная! Да, Исет – алтайская лиса в ковыльной киргизской степи. Да Исет вольный ветер своей степи, поймать невозможно! Ищи ветра в поле! Исет очень хитрый и умный. Да, я поймал бы отдал его на растерзание Василий Васильевичу, а»!

В.А. ПЕРОВСКИЙ, Орынбор-Самара губерниясының генерал-губернаторы,
өзінің бір қағаз бетіне шыжбайлап қол койып, жазған сөзі екен. Айы, күні, жылы жоқ.
«Дала Геркулесі», Атамұра, 2008 ж., 393-394 б.

«Исет хороший семьянин, его опасности разделяли с ним несколько его братьев и мать, по слухам есть женщина редкого ума и энергии».

В.Ф. ТИММ. «Русский художественный листок», журнал №31, 1859 г.

«Но все же Исет имел огромную популярность и много приверженцев, все же был народным героем».

В.В. Григорьев, председатель пограничной комиссии Самара-Оренбургской губернии.

«Есет батырды сақтаған ақыл-айласы, көрегендігі, сарқылмас қайраты. Бәрінен бұрын – халқы, туған жері».

Дәрібай КӨТІБАРҰЛЫ, Есетті рухтандырушы, ұлы істерін
ұйымдастырушылардың бірі, көріпкел әулие, ел ері.

«Есетті патша, жергілікті жандармерия сонша қуғанмен адастыра алмады, ерден түсіре алмады».

Қарағұл ҚОНАҚБАЙҰЛЫ, батырдың жан серігі, кеңесшісі.

«Есет Көтібаров– ұлттық тұлға. Тарих Есетті тәлкек еткен жоқ. Өз төрінен орын берді. Өйткені ол ел тарихын жасаушылардың бірі».

З. БАЙДОСОВ, тарихшы, профессор; И. АСҚАРОВ, тарихи тұлғаларды зертеуші,
1993 ж., Ақтөбе қ.

Есет Көтібаров 1858 жылы июнь айының төртінде Жем (Эмба) өзенінің Кеңсуатында Самара-Орынбор губерниясының бас губернаторы Александр Катенинмен кездесті. Кездесуде: «Халыққа қожалық жасауға болмайды. Оған тек қызмет ету керек. Мен сол халық қызметшісімін. Найзаның ұшымен, қылыштың күшімен, әмірліктің уымен халықты бағындыру әркез кекшілдікті туғызады. Халықты қанша болсада айламен, алдаумен, алдарқатумен тоқтата алмайсын» дей келіп: «Билік алжыса, елді адастырады. Елді алжығандар емес, ақылдылар, көрсоқырлар емес, көріпкелі бар, көрікті, кең мінезді, көсемдер басқарса, бәрі өз орнында болады», деді Есет. Губернатор оң қолын жүрегінің тұсына қойып, басын еңкейтіп иген батыр алдында.

Есет пен Катениннің кездесуі тарихи бір дәуір болып қалды.

«Исет Кутебаров оказался на уровне мирового судьи и адвоката».

Н.А. КРЫЖАНОВСКИЙ, генерал- губернатор Оренбургской губернии.

Есет Көтібарұлының соңғы сөзін еске салайыншы:
О, халқым! Сендер риза болсаңыздар, мен тыныш жатамын. Қазақ батырының сүйегі туған жерінде қалса, ол да бақыт! Мен өліммен талай бетпе-бет келдім, талай у іштім. Көзден талай қанды жас аққан заман болды. Халқым үшін бар өмірімді қидым. Мен өлімнен қорыққан адам емеспін. Халқының бостандығы, тәуелсіздігі үшін әкем құрбан болды, Арыстан батыр да құрбан болды. Жандәулет Орынбор түрмесінде қаза болды. Ақпан шүршіт асты. Бекет, Ерназар кісенделіп, айдалып барып итжеккенде қалды.

Енді менің екінші өмірім басталады, - деп батыр талықсып, кете берді де сәл оң қолын көтеріп: – халқым аман бол, ауыздарың бір болсын, - деп мәңгілікке жүре берді.

«Заман бізге ұлықтайтын ұл берді. Ұлы Есеттің заңғар тұлғасын, ұлағатты есімін ұлықтайық»!

Қарағұл ҚОНАҚБАЙҰЛЫ, батырдың жан серігі, кеңесшісі.

- Рахмет аға! Бұл тарихи сұхбат болды. Соңғы сұрағым бар.

- Сұра.

- Сұрасам, Көтібар батырдан бастап, Жандәулет, Арыстан, басқа да тәуелсіздік үшін жан берісіп, жан алысқан ерлер жандармерия қолдарынан қаза болды дедіңіз. Ал Есет ше?

- Есет батыр 1889 жылдың желтоқсанында Ұлы құмның Күнгейінде табиғи ажалынан дүниеден өтті. Халық батыр мәйітін ойлана-ойлана «Жібек жолының» Шолақ жиде тұсындағы Құлан ойы қыратына, ғасырлар куәсі болған «Қырық жол» бойына қоюға тоқтады. Мазарды қандай етіп салуға аяқ жетер қазақ жеріне хабарланды. Мазар жоба-жоспарын жасау шебер сәулетші Әлімнің Жаңғылыш аталығынан Қошық Еспембет ұлына бұйырды. Ол мазар бір ғасыр тұрды. Халықтар ғасырлар бойы Есет әулиеге тәу етумен келеді.

1993 жылы мазарды – Есет-Дәрібай кесене кешенін халық өз қаржысына қайта тұрғызды. Сәулетші Ұран Бақтыбай баба ұрпағы Оразбай Әділбаев. Мемлекетаралық той жасалды. Барлық істі елге танымал азамат Қанатбай Елеусізұлы тамаша басқарып өткізді.

Түйін.

Халық батырлары: Көтібар Бәсенұлы, Арыстан Тінәліұлы, Есет Көтібарұлы, т.б. жайлы тарихи-деректі кітаптарымда-еңбектерімде, кеңінен баяндалған: «Қанмен жазылған тағдырлар – Кровавая трагедия в степи» (Алматы: «Атамұра», 1999 ж., 416 б.); «Кісенделген Дала – Степь в кандалах» (Алматы: «Атамұра», 2003 ж., 416 б.); «Тарихтың қанды іздері – Кровавые следы истории» (Алматы: «Атамұра», 2005 ж., 704 б.); «Дала Геркулесі – Геркулес степей» (Алматы: «Атамұра», 2008 ж., 584 б.) және «Тағдырлар тайталасы – Столкновения судеб – Collision of Destinies», күнделік-мемуарда, үш тілде шыққан, І том (Алматы: «Атамұра», 2015 ж., 684 б.), бұл мемуардың ІІ томы, кітабы электронды түрде дайындалуда. Осы ағымдағы жылда сайтыма: www.tauman-torekhanov.com беріледі.

* * *

Тарих, тарихи деректер, тарихи тұлғалар әділ бағасын алуға тиіс, деп сұхбат беруші аға сөзін аяқтады. Орнымнан тұрып, басымды идім. Аға жұз жасаңыз, дедім!

Алматы, маусым, 2020 ж.