Арда Анамен қоштасу …
  
                Бір некеде 74 жыл тұрған заман - ай!
                
                
                Төрехановтар әулетінің негізін қалаған, ұрпағын жарық дүниеге әкеліп, тәрбиелеген - өмірге, білім - мамандық алуларына барынша кең жол ашқан, ақыл - ойын жұмсаған аруа Анасы Балзада - Қошқыл Шәмшіқызы мәңгілікке кетер алдында : “Әкең қайда, әкеңді сағындым - ау” деп үш рет сөзін қайталап, қолымнан қайта - қайта сүйіп, қолымды төсіне қойып, жарық дүниемен қоштасты-ау, ой дүние-ай.
                
                
                Мен де Қошқылым - Балзада Шәмші қызының қолынан, бетінен, маңдайынан бірнеше рет сүйіп, көзіме ерік бердім-ау. Қолын төсіме қойып, қоштастым - ау, ой, жалған дүние - ай!
                
                
                Түсіністікпен ғұмыр кешкен 74 жыл осымен аяқталды - ау.
                
                
                Жан жарым жатқан жерің жайлы, жарық болсын, топырағың торқа, иманың жолдасың болғай.
                
                
                
                Тауман Алыбай - Есімбайұлы Төреханов.
                
                Алматы қ., 17 наурыз 2023 жыл.